Жақын матчтар
Дастан Сәтпаевтың клубында дау: жанкүйерлер наразылыққа шықты
Англияның «Бернли» клубының жанкүйерлері команда иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы Алан Пейстің жұмысына наразылық білдірді.
Олар Чемпионшиптің 11-туры аясында «Вулверхэмптонға» қарсы өткен матчта (1:2) басшының кетуін талап ететін баннер көтерді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода трибунадағы жанкүйерлердің «Pace out» («Пейс, кет!») деген жазуы бар баннер ұстағаны көрінеді.
Чемпионшипте 11 матч өткізген «Бернли» турнир кестесінде 21-орында тұр. Команда маусым басталғалы Англия чемпионатында бір-ақ рет жеңіске жеткен.
«Бернли» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Ол осы маусымда алты матчқа қатысқанымен, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ