Жақын матчтар
«Циркке ұқсайды»: «Ақтөбе» бапкері «Ордабасыға» қарсы матчқа пікір білдірді
«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Черевченко Қазақстан премьер-лигасының 23-турындағы орталық матчта шымкенттік «Ордабасыдан» (1:3) өз алаңында жеңілгеніне пікір білдірді.
«Қателіктер тізбегі. Үзілісте футболшыларға алғашқы он бес минутқа барынша назар аударуды тапсырдық, өйткені қарсылас тарапынан қысым болатыны анық еді. Өкінішке қарай, сегіз минуттың ішінде екі гол жіберіп алдық. Дегенмен, қарсылас бірінші голын соққан кездегі айып соққысы... Шағымданып тұрғаным жоқ, бұл менің жеке пікірім, бірақ ол жерде фолды басқа жақта белгілеу керек еді.
Футболда ұсақ-түйек деген болмайды. Осындай кішкентай нәрселердің кесірінен ойын мүлдем басқа арнаға бұрылып кетеді. Кейбір адамдар өздерінің түсініксіз шешімдерімен ойынды өзгертеді. Олар футболшылардың, басшылықтың қаншама еңбек сіңіретінін, демеушілердің қаншама қаражат құятынын түсінбейді ғой. Адамдар келіп, өз мәселелерін шешеді және басқалардың тағдырын шешеді. Бұл көбіне циркке ұқсайды», – деді Черевченко матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, ҚПЛ-дың 23-турындағы орталық кездесуде «Ақтөбе» «Ордабасыға» 1:3 есебімен жол берді. Алаң иелері бірінші болып есеп ашты – 21-минутта Томас Соса мергендігімен көзге түсті. Алайда үзілістен кейін шымкенттіктер Натель (47'), Сергей Малый (53') және Кейтаның (77') голдарының арқасында камбэк жасады.
Осы жеңістен кейін 67 ұпай жинаған «Ордабасы» алматылық «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап, көшбасшылығын нығайтты. Ал «Ақтөбе» 45 ұпаймен турнирлік кестенің бесінші сатысында тұр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ