Алғашқы кездесуде неміс командасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
«Біздің басымдығымыз — бар болғаны бір гол ғана, матч барысы кез келген сценарий бойынша өрбуі мүмкін. “Реалмен” ойнау әрдайым қиын, бірақ біз сәл мықтымыз, әрі өз алаңымыздағы атмосфера да бізге көмектеседі. Бұл ойынды жақсы жағдайда бастаймыз, алайда босаңсуға болмайды, өйткені “Реалдың” қалай жауап қайтаратынын бәрі бұрыннан көрген. Соған қарамастан, біз өзімізге сенеміз!» — деп Нойердің сөзін УЕФА-ның ресми сайты келтіреді.