«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ASnews.kz сайтына берген сұхбатында алматылық клубтың түлегі Дастан Сәтпаевтың Англияға кетуіне қалай дайындалып жатқанын айтып берді.
«Біз Сәтпаевқа Қазақстандағы соңғы күніне дейін сенім артамыз. Оның жақында кететінін және командаға оның орнын басатын ойыншы қажет болатынын естен шығармаймыз. Досиктің кетуі әжептеуір сезіледі. Оған қоса, дәл осы жазда жалға алу келісімшарттары аяқталатын футболшылар бар, сондықтан біз бірнеше шешім қабылдаймыз», – деді Уразбахтин.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы жазда «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» сапына аттанады. Тараптар ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған.
ҚПЛ-дың бесінші турындағы «Тобылға» қарсы матчта қазақстандық ойыншы гол соғып, командасына бір ұпай әкелді (1:1). Жалпы оның еншісінде 48 ойында соғылған 22 гол мен тоғыз нәтижелі пас бар.