«“Астана” ФК ресми мәлімдемесі.
Футбол клубы “Астана” бірқатар дереккөздерде тараған “ВД Строй-Инжиниринг” компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Клуб аталған компаниямен сатылу немесе басқаруға беру жөнінде ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Сондай-ақ, қазіргі таңда әлеуетті инвесторлар тарапынан ешқандай аудиторлық тексеріс жүргізілмейтінін ресми түрде мәлімдейміз.
“Астана” ФК БАҚ өкілдері мен жанкүйерлерді тек клубтың ресми ресурстарында жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырады», — делінген Instagram-дағы хабарламада.
Еске салайық, 12 сәуір күні елордалық клубты құрылыс холдингі сатып алуы мүмкін екені туралы журналист Эльдар Аманбаев жазған болатын. Ол сондай-ақ ықтимал сатып алушы клубқа аудиторлық тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
Қазіргі таңда «Астана» Қазақстан чемпионатындағы жекеменшікке өтпеген жалғыз топ-клуб болып қалып отыр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.