Францияның "Лилль" клубының жартылай қорғаушысы Этан Мбаппе мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін.
Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, 19 жастағы футболшының өкілдері оның қызметін "Фенербахчеге" ұсынған. Дереккөздің ақпараты бойынша, "Фенербахче" қазіргі уақытта жас ойыншыларды қатарға қосу мүмкіндігін зерттеп жүр.
Бұған клубтағы легионерлер квотасының толуы себеп болған. Түркия Суперлигасының ережесіне сәйкес, 23 жасқа дейінгі шетелдік футболшылар легионерлік орынға есептелмейді. Осы фактор Этан Мбаппенің ыстамбұлдық клубқа ауысуына мүмкіндік беруі ықтимал.
Этан Мбаппенің "Лилльмен" қазіргі келісімшарты маусым соңында аяқталатыны хабарланды. Ол француз клубының сапында 2024 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келеді.
Бұған дейін Этан Мбаппе "ПСЖ" клубының жастар командаларында ойнаған.
19 жастағы жартылай қорғаушы – Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің інісі.
Әзірге "Фенербахче" тарапынан футболшының трансферіне қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.