"Астана Арена" Фарер ойыншыларын таңғалдырды

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
06.10.26, 08:53
Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесу 6 қазанда, сейсенбі күні өтеді.
"Астана Арена" Фарер ойыншыларын таңғалдырды
Сурет: ашық дереккөздерден

Фарер аралдары құрамасы Қазақстанға қарсы матчын өткізу үшін Астанаға келді. Команданың елордаға сапары мен алғашқы жаттығуы туралы Kvf.fo басылымы жазды.

Фарерлік футболшылар "Астана Аренада" жаттығу өткізіп, стадионның жағдайына ерекше назар аударды.

"Бұл – жасанды төсеніш орнатылған заманауи стадион. Қыста аренаның шатыры жабылады. Көптеген футболшылар алаңға шығып, стадионды көрген кезде таңғалды", – деп жазды Kvf.fo.

"Астана Арена" шамамен 30 мың көрерменге арналған. Алайда басылым алдағы кездесуге 10 мыңнан аспайтын жанкүйер келуі мүмкін екенін жазған.

Астанаға жету оңайға соқпаған

Делегация сенбі күні таңертең Воардан Копенгагенге ұшқан. Кейін тікелей чартерлік рейспен Астанаға жол тартқан. Алайда ұшақ Ресей әуе кеңістігін айналып өтуге мәжбүр болғандықтан, сапар ұзаққа созылған.

Kvf.fo мәліметінше, футболшылар шамамен жеті жарым сағат ұшып, Астанаға жергілікті уақыт бойынша түнде жеткен.

Қазақстан – Фарер аралдары матчы қашан өтеді?

Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесу 6 қазанда, сейсенбі күні өтеді.

Бұл матч UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры аясында ұйымдастырылады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

06.10.26, 08:53

Оқылып жатыр

Қазақстан жаңалықтары
06.10.26, 08:53
"Астана Арена" Фарер ойыншыларын таңғалдырды

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22