Британиялық Sports Mole басылымы UEFA Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы матчқа болжамын жариялады. Басылым сарапшылары кездесуде жеңімпаз анықталмайды деп есептейді.
Sports Mole Қазақстан құрамасының соңғы нәтижелеріне назар аударған.
"Қазақстан құрамасының соңғы ойындары алаңдатады. Дегенмен өз алаңында бұл команданы жеңу оңай емес. Фарер аралдары да тең ойындарды жеңіске айналдыруда қиындық көріп жүр. Сондықтан олар Ұлттар лигасында тағы бір ұпаймен шектелуі мүмкін. Болжам – 1:1", – деп жазды басылым.
Қазақстан мен Фарер аралдары жуырда ғана осы Ұлттар лигасы аясында кездесті. Алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.
Үш турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде небәрі бір ұпай бар. Ұлттық команда C дивизионының 3-тобында төртінші орында тұр.
Қазақстан – Фарер аралдары матчы 6 қазанда Астанада өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.