"Барселона" әйелдер командасы Испания чемпионатының 6-турында мадридтік "Реалды" тас-талқан етті.
"Спотифай Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 7:0 есебімен каталондық клубтың пайдасына шешілді.
Матчтың басты қаһарманы "Барселона" шабуылшысы Клаудия Пина болды. Ол алғашқы таймның өзінде төрт гол соқты.
Пина есепті 4-минутта ашты. 28-минутта дубль авторы атанса, араға төрт минут салып хет-трик жасады.
33-минутта Каролина Грэм Хансен есепті 4:0-ге жеткізді. Ал бірінші таймның соңында, 45-минутта Пина төртінші голын соғып, покерін рәсімдеді.
Үзілістен кейін Эва Пайор 55-минутта мергендік танытты. Кездесудің соңғы голын 88-минутта Сидней Шертенлайб соқты.
"Реал" соңғы рет "Барселонадан" жеті немесе одан да көп гол айырмасымен 2019 жылы жеңілді. Ол кезде каталондық команда қарсыласын 9:1 есебімен ұтқан еді.
Осы нәтижеден кейін "Барселона" жаңа маусымдағы мінсіз сериясын жалғастырды.
Каталондық клуб алты турда алты жеңіске жетіп, 18 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Команданың доп айырмасы – 28:2. Ал "Реал" көшбасшыдан бес ұпайға қалып келеді.
Келесі турда "Барселона" сырт алаңда "Реал Сосьедадпен" кездеседі. "Реал" өз алаңында "Эспаньолды" қабылдайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.