Фюллькруг «Вест Хэмге» оралып, кейін қайтадан клубтан кетеді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Футболшының «Вест Хэммен» келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін есептелген. Никлас Фюллькруг 2026 жылдың қаңтар айының басында «Вест Хэм Юнайтедтен» «Миланға» жалға ауысқан болатын. Келісімде ойыншыны толық сатып алу мүмкіндігі қарастырылған еді. А сериясында ол «Милан» сапында 16 матч өткізіп, бір гол соқты.
Шабуылшы футболдағы жолын «Вердер» академиясында бастап, кейін Германияда «Гройтер Фюрт», «Нюрнберг» және «Ганновер 96» клубтарында ойнады. 2019 жылы қайтадан «Вердерге» оралды.
2023 жылдың жазында ол дортмундтық «Боруссия Дортмунд» клубымен келісімшартқа отырып, бір маусымда 42 матчта 15 гол соқты. Оның үшеуі Чемпиондар лигасында тіркелді. Сондай-ақ ол осы турнирдің финалында «Реал Мадрид»-ке қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан.
«Боруссиядан» кейін неміс шабуылшысы Премьер-лигаға ауысып, «Вест Хэм Юнайтед» клубының ойыншысы атанды.