Қазақстан құрамасының қорғаушысы тарихи рекордқа бір қадам қалды

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
03.10.26, 09:26
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый ұлттық құрама сапында өткізген матчтар саны бойынша тарихи рекордты қайталады. Молдоваға қарсы Ұлттар лигасындағы ойын ол үшін құрама сапындағы 76-матч болды.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы тарихи рекордқа бір қадам қалды
Сурет: ашық дереккөздерден

Сергей Малый Молдова құрамасына қарсы өз алаңымызда өткен Ұлттар лигасының матчында алаңға қосалқы құрамнан шықты. Бұл кездесу 36 жастағы қорғаушы үшін ұлттық құрама сапындағы 76-матч болды. Осылайша, Малый ұзақ жылдар бойы бұл көрсеткіш бойынша жеке-дара көш бастап келген Самат Смақовпен теңесті. Енді екі футболшы да Қазақстан құрамасы тарихындағы матчтар саны бойынша бірінші орынды бөлісіп тұр.

Қазақстан құрамасы Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді. Алайда Малый үшін бұл матчтың тарихи маңызы бөлек болды. Қорғаушы алаңға шығып, бұған дейін тек Смақовқа тиесілі болған межеге жетті. Малыйдың Қазақстан құрамасы сапындағы еншісінде барлығы 76 матч пен екі гол бар.

Сергей Малый ұлттық құрама сапында 2014 жылдың наурыз айынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол құраманың ең тәжірибелі ойыншыларының біріне айналып, Қазақстан намысын халықаралық деңгейде он жылдан астам уақыт бойы қорғады. Енді қорғаушы жақын арадағы матчтардың бірінде жеке-дара рекорд иесі атануға мүмкіндік алды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

03.10.26, 09:26

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22