Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілуіне кінәлілер табылды

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
03.10.26, 13:32
Танымал комментатор әрі журналист Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы матчында Молдовадан өз алаңында ұтылған (1:2) ойынына кінәлілерді атады.
Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілуіне кінәлілер табылды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ұлттық құрама жеңілген кезде артынша кардиналды түрде өзгерістер орын алады. Өз алаңында Молдоваға жеңілсе, жағдай шынымен де алаңдатарлық деген сөз. Болар іс болды… енді кім қызметтен кетеді? Менде 3-4 адамнан тұратын кандидаттар тізімі бар:

Бірінші кандидат – бас бапкер Джон ван ’т Шкипп. Мақсат орындалмаған кезде бірінші болып бапкердің «басы» кетпей ме?

Екінші кандидат – Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев. Күллі департамент жұмысына басшылық қылатын кісі осы жағдайға тікелей жауапты болуы керек емес пе? Оның үстіне U-19, U-21 екеуі де жаппай жеңіліп жүр. Сондықтан Руслан Тахирұлының креслосы шатқаяқтап қалғандай.

Келесі үміткер – Геннадий Скуртул. ҚФФ техникалық директорының басына қара бұлт үйіріліп тұрғаны бұрыннан белгілі. Бапкерлер даярлап, курстар өткізіп ел футболына үлес қосатын азаматтың жұмысында ілгерілеу жоқтың қасы. Молдовалық маманнан елдегі жас бапкерлер де мезі болып отырғандай. Егер молдовалық маман бізге футбол үйретсе, онда Молдовадан жеңілуіміз заңды құбылыс шығар!

Осыдан кейін үшеуі де жұмыста қалып, жұмысын жалғастыра береді дегенге сену қиын», – деп жазды Мәулен өзінің Telegram-арнасында.

Ермұхамед Мәуленнің жазбасы

Еске сала кетейік, 2 қазанда Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші туры аясында «Астана Аренада» Молдова командасына 1:2 есебімен сенсациялық түрде есе жіберді. Джон ван ’т Шкипп шәкірттері үш матчтан кейін еншісіндегі бір ұпаймен С3 тобында соңғы орында келеді. Қазақстандықтар келесі ойынын 6 қазанда өз алаңында Фарер аралдары құрамасына қарсы өткізеді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

03.10.26, 13:32

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22