39 жастағы футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдегеніне қарамастан, алдағы жолдастық кездесулерге шақырту алды. Бұл туралы Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) хабарлады.
Месси 31 тамызда Аргентина құрамасынан кету туралы шешім қабылдағанын жариялаған еді. Алайда AFA президенті Клаудио Тапиа футболшыны 6 қазанда Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өтетін Бенинге қарсы кездесуге шақыру туралы шешім қабылданғанын айтты. Бұл ойын Мессиге ұлттық құрама сапында лайықты қоштасу рәсімін ұйымдастыру үшін өткізілмек.
Аргентина құрамасы осы жиын аясында Боливиямен 30 қыркүйекте, Буркина-Фасомен 3 қазанда және Бенинмен 6 қазанда кездеседі. AFA мәліметінше, Месси, Родриго Де Пауль және Джовани Ло Чельсо тек соңғы матчқа қатысады.
Месси Аргентина құрамасы сапында 2005 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ұлттық командамен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын, 2022 жылы Финалиссиманы жеңіп алды. 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина финалда Испаниядан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.