Польша жастары кездесудің 22-минутында есеп ашты. Екінші таймда қарсылас тағы екі рет – 50 және 64-минуттарда гол соғып, басымдығын арттырды.
Қазақстандық футболшылар жауап қайтара алмады. Осылайша матч 3:0 есебімен Польша құрамасының жеңісімен аяқталды
Тимур Қасымов баптайтын команда алаңға мына құраммен шықты:
Буч, Артұрұлы, Азатқазы, Мамедов, Нұрболат, Ысмағұлов, Малаев, Қалиқұлов, Керімхан, Смақов, Жылқайдар.
Бұған дейін Қазақстан U-19 құрамасы турнирде екі кездесу өткізген. Алғашқы ойында Словакиямен 1:1 есебімен тең түссе, кейін Швейцариядан 1:2 есебімен жеңілді.
Польшамен матчтан кейін қазақстандық жастардың еншісінде бір тең ойын және екі жеңіліс бар.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.