Қайғылы оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған. Полицияға түнгі сағат 1:00 шамасында Пловдивтің «Христо Смирненски» ауданында ер адамның атылғаны туралы хабар түскен. Кейін прокуратура Филиповтың өзі тұратын тұрғын үйдің алдындағы автотұрақта өлтірілгенін мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, бизнесменге бір рет оқ атылған. Оның басынан жараланғаны туралы мәлімет тарағанымен, бұл дерек әзірге ресми түрде расталмаған. Қылмыс орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп, полиция маңайдағы көліктерді тексеріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.
Филипов көлік және құрылыс салаларында кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол «Ботев» клубының иесі әрі президенті ретінде футбол ортасында кеңінен танылған. Кәсіпкердің есімі Пловдивтегі «Христо Ботев» стадионының құрылысы мен клубтың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарымен де байланысты.
«Ботев» – Болгариядағы ең көне футбол клубтарының бірі. Пловдив командасы 1912 жылы құрылған және ел чемпионатында екі рет жеңіске жеткен. Қазір клуб Болгарияның жоғары дивизионында өнер көрсетеді.
Клуб өкілдері Филиповтың қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ал құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктіні іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.