Ламин Ямаль «Барселона» клубының вингері «Атлетико Мадридпен» өтетін Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матч алдында пікір білдірді.
«Егер жарыстан шығып қалсақ та, соңына дейін күресеміз деп уәде береміз. Бір минут та тоқтамай, үнемі прессинг жасап, жүгіріп, бар күшімізді саламыз», – деді Ямаль матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
«Атлетико» мен «Барселона» арасындағы қарымта кездесу 14 сәуірде өтеді. Алғашқы ойында мадридтік клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Басқа ширек финал жұптарында «Арсенал» – «Спортинг», «Бавария» – «Реал Мадрид», сондай-ақ «Ливерпуль» – «ПСЖ» командалары кездеседі.
«Атлетико» мен «Барселона» жұбының жеңімпазы «Арсенал» – «Спортинг» қарсыластығының жеңімпазымен ойнайды.