Кездесу Англияның Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында өтті. Бас төреші қызметін Ланкаширден келген Пол Тирни атқарды. Ойын 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Матчтың 5-минутында «Лидс» шабуылшысы Ноа Окафор есеп ашты. 29-минутта Окафор дубль жасап, командасының басымдығын арттырды. 56-минутта «Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 69-минутта бразилиялық Каземиро бір голмен есеп айырмасын қысқартты.
Осы нәтижеден кейін «Манчестер Юнайтед» 55 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында қалды. Ал «Лидс» 36 ұпаймен 15-орында тұр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.