18 жастағы форвард алдағы бірнеше күнде алаңға оралады деп күтілуде. Қазақстандық ойыншы емін және оңалту процесін өзінің құқықтары тиесілі лондондық «Челси» базасында өткізді.
Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турындағы матчта Сәтпаев санының артқы бұлшықетінен жарақат алған болатын.
Келесі ойын 10 қазан күні сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы жоспарланған.
Қазақстандық футболшы 2026 жылдың 12 тамызында «Челсимен» ресми түрде келісімшартқа отырып, 14 тамызда жалға алу құқығымен «Бернлиге» ауысты. Жаңа команда сапында шабуылшы төрт ойын өткізіп үлгерді: Чемпионшипте үш матч және Англия лигасының Кубогында бір кездесу.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.