Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, "Астана" ФК қорғаушысы Әлібек Қасым кем дегенде құраманың алдағы екі кездесуіне қатыспайды.
26 қыркүйекте Қазақстан Фарер аралдарымен сырт алаңда кездеседі. Матч Торсхавн қаласындағы "Торсволлур" стадионында өтеді.
Үш күннен кейін, 29 қыркүйекте ұлттық құрама Кошице қаласында Словакиямен күш сынасады. Бұл ойын "Кошице футбол аренасында" ұйымдастырылады. Қасымның кейінгі кездесулерге қатысу-қатыспауы оның жарақаттан қалпына келу барысына байланысты анықталмақ.
Самараның "Крылья Советов" клубында өнер көрсететін Ислам Чесноковтың жарақаты күрделірек болып шықты. ҚФФ мәліметі бойынша футболшы Қазақстан құрамасының алдағы төрт кездесуінің барлығын өткізіп алады.
Осылайша Чесноков Фарер аралдары мен Словакияға қарсы сырт алаңдағы матчтардан бөлек, Астанада өтетін екі ойынға да қатыса алмайды.
Сырт алаңдағы кездесулерден кейін ұлттық құрама елордаға оралады. 2 қазанда Молдованы қабылдайды. Ал 6 қазанда Фарер аралдарымен екінші рет кездеседі. Екі матч та "Астана Аренада" өтеді және Астана уақытымен 19:00-де басталады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.