Қайрат Боранбаев ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына сайланды

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.09.26, 10:45
Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің құрамына қайта сайланды.
Қайрат Боранбаев ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына сайланды
Қайрат Боранбаев. Фото: "Қайрат" ФК

Атқарушы комитет мүшелерінің төрт жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты конференция аясында оның жаңа құрамы сайланды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетінің келесі төрт жылға мүшелері болып келесі адамдар сайланды:

  • Бегаим Қырғызбаева;
  • Ғаджи Ғаджиев;
  • Асет Ырғалиев;
  • Қайрат Боранбаев;
  • Қанат Шарлапаев;
  • Михаил Ломтадзе;
  • Қайрат Оразбеков;
  • Тимур Турлов;
  • Нұрсұлтан Құрманов;
  • Нуно Алешандре Перейра де Каштру.

Айта кетейік, конференция жұмысына өңірлік федерациялардың делегаттары, ҚФФ мүшелері, FIFA өкілі Марко Ферри мен UEFA өкілі Йозеф Климент, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Ногербек қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сондай-ақ ҚФФ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, президенттің, Атқарушы комитет пен тексеру комиссиясының қызметі туралы есепті, федерацияның қаржылық есептілігін және 2027–2032 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту мәселелері енгізілді.

ҚФФ президенті Марат Омаров делегаттарға федерацияның 2026 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, қаржы, инфрақұрылым, клубтарды жекешелендіру, жас футболшыларды даярлау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту салаларындағы негізгі нәтижелерді атап өтті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.09.26, 10:45

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22