«Сабах» ЧЛ ойындарына арналған билет бағасын жариялады

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.09.26, 09:42
«Сабах» өз алаңында өткізетін Чемпиондар лигасының матчтарына арналған комбо-билеттерді сатылымға шығарды.
«Сабах» ЧЛ ойындарына арналған билет бағасын жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден

Бір қызығы, бір билет алу арқылы әзербайжандық клубтың Баку Олимпиадалық стадионындағы төрт ойынын да көруге болады. Ал билет бағаларын төрт матчқа шаққанда өте арзанға шығып тұр.

«Сабахтың» ұсынған билет бағалары төмендегідей:

  • Ең арзаны – 30 манат (8000 теңге)
  • Орташа – 60 манат (16000 теңге)
  • Қымбаты – 190 манат (50000 теңге)
  • Ең қымбаты – 285 манат (75000 теңге)

Әзербайжандық клуб комбо билеттерді санаулы мөлшерде ғана сатылымға шығарды (шамамен 10-15сектор). Әр матчқа арналған билеттер ойын күні жақындағанда сатылымға шығады.

Стас Покатиловтың командасы ЧЛ аясында өз алаңында «Славия Прага» (13 қазан), «Боруссия Дортмунд» (20 қазан), «Барселона» (25 қараша) және «Наполимен» (20 қаңтар) ойнайды.

Былтыр «Қайрат» Чемпиондар лигасының матчтарына арналған билет бағасын 30-250 мың аралығында бекіткен еді. Кейіннен клуб басшысы Қайрат Боранбаев бағаны УЕФА-мен келісіп белгілегенін мәлімдеді.

Бұл тұста екі стадионның сыйымдылығын да ескерген жөн. Алматыдағы Орталық стадионға 23 мың көрермен сыйса, Бакудегі Олимпиадалық стадион 68 мың адамға арналған. Бірақ сонда да екі клубтың ұсынған бағалары салыстыруға келмейді.

«Бұл - Чемпиондар лигасының матчтары екенін түсіну керек. Кейбіреулер бағаны УЕФА-мен келісеміз дегенге сенбейді, бірақ бұл рас. Билеттерді сату тәртібі де келісім арқылы реттеледі.

Алматыда өткен ойындарда УЕФА бізге ұсыныс берді. Олардың арасында Чемпиондар лигасының жеңімпазы бар. Сондықтан олар бағаны турнирге сай болатындай деңгейде ұстап отыр «Пафоспен» өткен матчта екі сектор ғана 250 мыңнан болды. Қалғандары 30 мың, 75 мың, 150 мыңнан болды. УЕФА-дан мүмкін, біз «Пафоспен» болат ойынның билет бағасын түсірерміз деп сұрадық. Олар «сендер бағаны қалдырыңдар, бірақ секторлар арасындағы баға саясатын өзгертіңдер» деген ұсыныс айтты», — деді Боранбаев.

«Қайрат» өткен маусымында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынады. Арада бір жыл өткеннен кейін «Сабах» та алматылық клуб секілді бұл турнирге алғаш рет жолдама алды. Бірақ билет бағасындағы айырмашылық жер мен көктей. Сонда Қайрат Советайұлы өтірік айтты ма? Әлде УЕФА Қазақстан мен Әзербайжанға әртүрлі көзқараспен қарай ма?

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.09.26, 09:42

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22