Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Бала күнгі арманым»: «Ұлытау» форварды Адиевпен жұмысы мен құрамаға оралу ниеті туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.09.26, 13:50
"Ақтөбе" қақпасына дубль жасаған шабуылшы өз армандарын айтты.
«Бала күнгі арманым»: «Ұлытау» форварды Адиевпен жұмысы мен құрамаға оралу ниеті туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Жезқазғандық «Ұлытаудың» шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров ASnews.kz сайтына берген сұхбатында 2023 жылдың күзінде Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған кезін еске алды.

Форвард Сан-Марино және Словенияға қарсы шешуші іріктеу матчтары алдында еліміздің бас командасының қатарына қосылғанда қатты толқығанын мойындады.

«Екі апталық жиынға қатысып, жаттығу процесін өз көзіммен көріп, сезіндім. Магомед Мұсаұлы – өте қарапайым адам. Оның берген жаттығулары, командадағы атмосфера, қарым-қатынас мәнері, ұжымды ынталандыруы – бәрі ең жоғары деңгейде болды. Алғашқы күндері үйренісу қиынға соқты, бірақ бір-екі күннен кейін көптеген жігіттермен жақсы танысып, тіл табысып кеттім», – деді Зульфикаров.

Шабуылшы жиында өзін жақсы қырынан көрсетіп, тіпті жастар құрамасына (U-21) қарсы өткен бақылау матчында гол соғып үлгерді.

Ағымдағы маусым туралы айта келе, 25 жастағы сұрмерген құраманың қазіргі бапкерлер штабынан әзірге ешқандай белгі болмағанын, алайда өз мықтылығын алаңда дәлелдеуге ниетті екенін атап өтті.

«Биылғы маусымда құрама тарапынан қызығушылық болған жоқ. Алдағы төрт ойында командама барынша көмектесіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырысамын, сол кезде менің де көрсеткіштерім жақсы болатынына сенімдімін. Ұлттық құраманың намысын қорғағым келеді, өйткені бұл – менің бала күнгі арманым. Егер шақырту алсам, өзімді ең жақсы қырымнан көрсету үшін барымды саламын», – деп баса айтты футболшы.

Еске сала кетейік, Бақдәулет Зульфикаров биылғы маусымның ортасында «Ұлытау» сапына қосылды. Жезқазғандық клуб үшін өткізген 12 матчта 25 жастағы шабуылшы бес гол соғып, бір нәтижелі пас беріп үлгерді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)