Англияда Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкерінің қызметінен кететіні айтылуда

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.09.26, 07:33
Ағылшындық «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен «Дерби Каунтиге» (1:1) қарсы ойында жеңісті қолдан шығарып алғаннан кейін қызметінен кетудің аз-ақ алдында тұр.
Англияда Сәтпаевтың «Бернлидегі» бапкерінің қызметінен кететіні айтылуда
Сурет: ашық дереккөздерден

«Өзін-өзі тығырыққа тіреді»

Басылым шолушысы Мэтт Скрафтон клубтың проблемалары бас бапкер фигурасынан әлдеқайда тереңде жатқанын атап өтті, алайда Хайен өз мәлімдемелерімен жағдайды өзі ушықтырып жіберген. Ол матч қарсаңында көпшілік алдында «Дербиге» қарсы ойынды «міндетті түрде жеңу керек матч» деп атаған болатын.

«Бельгиялық маман, шын мәнінде, өзін-өзі тығырыққа тіреп, өзіне өлім үкімін шығарды. Команданың лигада 220 күннен астам уақыт бойы жеңіске жетпегенін ескерсек, бұл ойында жеңе алмауы үлкен жаңалық болмауы тиіс. Егер сіз «must-win» (міндетті түрде жеңу керек – еск.) деп аталатын матчта жеңе алмасаңыз, қызметтен кетіргендеріне таңғалудың қажеті жоқ», – деп жазады автор.

Сәтсіз статистика және басқарушылық дағдарыс

«Бернли» 93-минутқа дейін есепте алда тұрғанымен, ойын барысы бойынша қарсыласынан әлсіз көрінді: «Дерби» қақпаға 16 соққы жасады (алаң қожайындарында – 6). Журналист команданың қазіргі апатты жағдайы – директорлар кеңесі мен клуб қожайыны Алан Пейс тарапынан қабылданған бірқатар сәтсіз басқарушылық шешімдердің нәтижесі екенін баса айтты.

«Егер «Бернли» жеңісті ұстап қалғанның өзінде, бұл көп нәрсені өзгерте қоймас еді. Бұл жеңіс ауадай қажет команданың ойынына ұқсамады. Клуб тізгінінде Хайен болса да, болмаса да, үлкен қиындыққа тап болып отыр», – деп түйіндейді басылым.

Еске сала кетейік, ағылшын Чемпионшипі маусымы басталғалы бері «Бернли» әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ (4 тең ойын, 4 жеңіліс). Бар-жоғы бес ұпай жинаған команда турнир кестесінің ең түбінде (22-орын) тұр. Қазір чемпионатта ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты үзіліс басталды, БАҚ мұны бапкерді ауыстыруға ең қолайлы сәт деп атауда.

Ағылшындық клубтың намысын Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев қорғайды. Отандық форвард айдың басында алған жарақатына байланысты «Дерби Каунтиге» қарсы ойынға қатыса алмады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.09.26, 07:33

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22