«Астананың» экс-ойыншысы Қазақстандағы заңсыз қаржылық махинацияларды әшкереледі

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.09.26, 06:36
Француз футболшысы Жереми Манзорро L'Equipe басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы клубтық футболдың көлеңкелі тұстары мен легионерлерді қабылдау кезіндегі жасырын схемалар туралы айтып берді.
«Астананың» экс-ойыншысы Қазақстандағы заңсыз қаржылық махинацияларды әшкереледі
Сурет: ашық дереккөздерден

Жалақыдан «откат» алу схемасы туралы

ҚПЛ клубтарында доп тепкен ойыншының айтуынша, кейбір командалардың басшылығы шетелдік футболшылардың жалақысын жасанды түрде өсіріп, артылған соманы өзара бөлісіп отырған.

«Келісімшартқа отырып, айына, мәселен, 15 мың еуро сұрағаныңызда, клуб сізге 20 мың еуро береді. Қосымша 5 мың еуро ұсталып, агентке, спорттық директорға берілуі керек... Бәрі оны бөліседі. Әр клубқа жеті шетелдік ойыншы алуға рұқсат етілгендіктен, басты мақсат осы санға жетіп, көлеңкелі істер жүргізу және астыртын ақша табу болды», – деп түсіндірді Манзорро.

«Астанадан» кету себептері

Француз футболшысының мәлімдеуінше, осылай пайда әкелгісі келмегендіктен, елордалық клубтың басшылығы 2023 жылдың қаңтарында онымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған екен.

«Олар маған бұдан былай қызығушылық танытпады, өйткені мен оларға қосымша табыс әкелмедім. Сондықтан кетіп қалдым», – деді жартылай қорғаушы.

34 жастағы Жереми Манзорро Қазақстанда павлодарлық «Ертіс» (2019), қарағандылық «Шахтер» (2020), қостанайлық «Тобыл» (2020–2021) және елордалық «Астана» (2022) сапында өнер көрсетті. Жалпы алғанда, Қазақстан премьер-лигасы (ҚПЛ) аясында 83 матч өткізіп, 13 гол соқты, 15 нәтижелі пас берді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

20.09.26, 06:36

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22