Мбаппе ПСЖ-ға 60 мың еуро төлейтін болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
17.09.26, 09:02
Париждің апелляциялық соты «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппені бұрынғы клубы ПСЖ-ға 60 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттеді.
Мбаппе ПСЖ-ға 60 мың еуро төлейтін болды
Килиан Мбаппе. Фото: Getty Images

L’Équipe мәліметінше, бұл шешім 2025 жылы Париж клубының банктік шоттарына уақытша бұғат қойылуына байланысты шығарылған.

Мбаппе ПСЖ-дан төленбеген жалақысы мен сыйақыларын өндіріп алу үшін клубтың 55,4 миллион еуро көлеміндегі қаражатын бұғаттатқан болатын. Шектеу 2025 жылғы 10 сәуірден 25 мамырға дейін күшінде тұрды.

Осы аралықта ПСЖ күнделікті шығындарын өтеу үшін шұғыл түрде несие желісін ашуға мәжбүр болған. Сот Мбаппенің әрекеті клубқа қаржылық шығын келтіргенін мойындап, оның көлемін 60 мың еуро деп белгіледі.

Алайда сот ПСЖ-ның беделі мен іскерлік абыройына нұқсан келді деген өзге талаптарын қанағаттандырмады.

Бұған дейін еңбек даулары жөніндегі сот ПСЖ-ны Мбаппеге төленбеген жалақысы мен сыйақылары үшін 61 миллион еуро беруге міндеттеген еді. Осылайша, футболшы бұрынғы клубынан алған қаражаттың шағын бөлігін кері қайтарады.

Килиан Мбаппе ПСЖ сапынан 2024 жылдың жазында еркін агент ретінде кетіп, мадридтік «Реалға» қосылған.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

17.09.26, 09:02

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20