Саудиялық журналист Сауд Әл-Сарами футболшының командадан қаңтар айында кетуі мүмкін екенін Al-Arabiya FM эфирінде мәлімдеді.
"Криштиану өз мүмкіндігінің шегіне жеткен футболшыға айналды және "Әл-Наср" үшін ауыртпалық болып отыр. Менің ойымша, Роналду қаңтарда клубтан кетеді", — деді журналист.
Бұл инсайдердің жеке болжамы. Қазіргі уақытта Криштиану Роналдудың "Әл-Насрдан" кететіні туралы клуб немесе футболшы тарапынан ресми ақпарат жоқ.
"Әл-Наср" АФК Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі сәтсіз бастады. Саудиялық клуб алғашқы кездесуінде БАӘ-нің "Әл-Айн" клубыннан 4:0 есебімен ойсырай жеңілді.
Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапына 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде қосылды. Содан бері португалиялық шабуылшы барлық турнирде 156 матч өткізіп, 132 гол соққан және 23 нәтижелі пас берген.
Роналду командамен бірге 2025/26 маусымында Сауд Арабиясы Про-лигасының чемпионы атанды. Бұдан бөлек, португалиялық футболшы Сауд Арабиясы чемпионатында бір маусымда 35 гол соғып, рекорд орнатты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.