Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С лигасының үшінші тобына түсті. Бұл топта қазақстандық футболшыларға Словакия, Молдова және Фарер аралдарының командалары қарсылас атанды.
Топтық кезең 26 қыркүйекте басталып, 16 қарашада аяқталады. Қазақстан құрамасы үш кездесуді сырт алаңда, тағы үшеуін өз алаңында өткізеді.
Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын 26 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Торсхавн қаласындағы "Торсведлюр" стадионында өтетін кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Үш күннен кейін ұлттық құрама Словакияға қонаққа барады. 29 қыркүйекте Кошице қаласында өтетін матчтың басталу уақыты — 23:45.
Қазан айында Қазақстан құрамасы өз жанкүйерлері алдында қатарынан екі матч өткізеді.
Ұлттық команда 2 қазанда Молдованы қабылдайды. "Астана Аренадағы" кездесу сағат 19:00-де басталады.
6 қазанда дәл осы стадионда Қазақстан мен Фарер аралдары кездеседі. Ойынның басталу уақыты да 19:00-ге белгіленген.
Қазақстан құрамасының бесінші ойыны 14 қарашаға қараған түні Кишинёвте өтеді. Молдоваға қарсы кездесу Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.
Топтық кезеңдегі соңғы матч 16 қарашада Астанада ойналады. Қазақстан Словакияны қабылдайды. "Астана Аренадағы" кездесу сағат 21:00-де басталады.
Фарер аралдары — Қазақстан. "Торсведлюр" стадионы, Торсхавн
Словакия — Қазақстан. Кошице футбол аренасы, Кошице
Қазақстан — Молдова. "Астана Арена", Астана
Қазақстан — Фарер аралдары. "Астана Арена", Астана
Молдова — Қазақстан. "Зимбру" стадионы, Кишинёв
Қазақстан — Словакия. "Астана Арена", Астана
Барлық матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.
C3 тобында бірінші орын алған құрама келесі маусымда Ұлттар лигасының В дивизионына тікелей көтеріледі.
Екінші орын иеленген команда да жоғары дивизионға шығу мүмкіндігін сақтап қалады. Ол үшін өтпелі плей-офф кезеңінде жеңіске жетуі қажет.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.