Беллами маусым айында «Бернли» жүйесінде екі жыл бойы Венсан Компанидің көмекшісі болып жұмыс істеген Скотт Паркерді алмастыратын басты үміткер саналған еді. Британдық БАҚ тараптар өтемақы сомасын толық келіскенін, алайда соңғы сәтте бапкерлер штабын жасақтауға қатысты келіспеушіліктерге байланысты мәміле үзілгенін хабарлады. Белламидің өзі бұл қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарды.
«Ешқандай «келіссөздердің үзілуі» болған жоқ. Мен жай ғана «жоқ» дедім, өйткені бұл жұмыс маған арналмаған. Болды, осымен бітті. Уэльс құрамасында қалу туралы шешім қабылдадым, себебі қазір бұл мен үшін дұрыс орын. Мен әрқашан адал әрі ашықпын: «Бернли» Уэльс қауымдастығына ресми түрде жүгінді, біз сөйлестік, бірақ мен өз таңдауымды жасадым. Ал 20 минуттан кейін баспасөзде не жаза бастағаны – менің бақылауымнан тыс дүние. Жұрт не айтса, оны айтсын, мен оған ықпал ете алмаймын», – деді Беллами.
Клубтың қазіргі дағдарысын ескере отырып, болашақта «Бернлиге» келу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген бапкер футболда ешқандай кепілдік жоқ екенін және менеджер лауазымы әрқашан «өте тұрақсыз позиция» екенін атап өтті.
Беллами бас тартқаннан кейін англиялық клубты бельгиялық Ники Хайен тізгіндеді. Оның жетекшілігімен команда маусымды өте сәтсіз бастап, жеңіссіз өткен жеті матчтан кейін Чемпионшипте соңғы орынға түсіп кетті. Дәл осы дағдарысқа ұшыраған «күрең қызылдар» сапында лондондық «Челсиден» жалға алынған Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта ол сан бұлшықетінен алған жарақатынан айығып жатыр.
Айта кетерлігі, Беллами мен Сәтпаев футбол алаңында бұған дейін де кездескен: 2025 жылдың наурызында Кардиффте Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапында Уэльске қарсы (1:3) матчта дебют жасаған болатын. Кейінірек сол жылдың қыркүйегінде Астанада Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі гол авторы уэльстік маманның командасына қарсы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында (0:1) негізгі құрамда ойнады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.