"Қайрат" УЕФА Жастар лигасын 5:0 есебімен бастады

Автор
Fonteam редактор
Автор
16.09.26, 09:16
Алматылық "Қайраттың" U-19 командасы УЕФА Жастар лигасы-2026/27 турниріндегі алғашқы кездесуінде Черногорияның "Младость Донья-Горица" клубын 5:0 есебімен жеңді.
"Қайрат" УЕФА Жастар лигасын 5:0 есебімен бастады
Сурет: ашық дереккөздерден

"Қайрат" бірінші таймда үш гол соқты

Чемпиондар жолының бірінші кезеңіндегі алғашқы матч Подгорица қаласындағы DG Arena стадионында өтті. Қазақстандық жас футболшылар сырт алаңда қарсыласын толық басымдықпен ұтты.

Матчтағы есеп 35-минутта ашылды. Алматылықтардың сапынан Роман Черноморец мергендік танытты. Арада алты минут өткенде Әкежан Қалиқұлов "Қайраттың" басымдығын еселей түсті. Ал 43-минутта Ермұхамед Керімхан үшінші голды соқты.

Үзілістен кейін де қарқынын бәсеңдетпеді

Екінші таймда да "Қайрат" шабуылын жалғастырды. 72-минутта Абылай Жылқайдар төртінші допты қарсылас қақпасына енгізді.

Кездесудің қосымша уақытының екінші минутында Санат Нұрболат матчтың қорытынды есебін белгіледі. Осылайша "Қайрат" УЕФА Жастар лигасындағы жаңа маусымын сенімді жеңіспен бастады.

Командалар арасындағы екінші кездесу 14 қазанда Алматыда өтеді.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда турнирдің екінші кезеңіне жолдама алады. Келесі раундта бұл жұптың жеңімпазы Венгрияның МТК клубымен кездеседі.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

16.09.26, 09:16

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20