Жақын матчтар
Тарихи оқиға: Астана 2028 жылы УЕФА Суперкубогын қабылдайды
УЕФА Атқарушы комитеті Салоникиде өткен отырысында 2028 жылғы Суперкубок матчы өтетін орынды ресми түрде бекітті. Ауқымды футбол оқиғасын өткізу Қазақстан астанасына сеніп тапсырылды.
Отандық спорт үшін тарихи саналатын ойын «Астана Арена» стадионында өтеді. Еуропаның беделді жүлдесі сарапқа салынатын бәсекеде дәстүрлі түрде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қазіргі жеңімпаздары өзара мықтыны анықтайды.
Мұндай деңгейдегі финалды өткізу Қазақстан футболының тарихындағы теңдесі жоқ оқиға болатыны атап өтілді. 2028 жылы өтетін матчтың нақты күнін УЕФА кейінірек жариялайды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ