Кездесудің 32-минутында «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Льюис Майли допты өз қақпасына бағыттап алды. Екі минуттан кейін Джейден Богл «Лидстің» басымдығын еселей түсті. Алғашқы таймның қосымша уақытында, яғни 45+1-минутта, шабуылшы Доминик Калверт-Льюин есепті 3:0-ге жеткізді. 59-минутта Ноа Окафор «Лидстің» төртінші голын соқты. Матчтың 90-минутында «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Базумана Туре бір голдың қарымтасын қайтарды.
Англия чемпионатындағы төрт ойыннан кейін «Лидс Юнайтед» 8 ұпай жинап, АПЛ турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Ньюкасл Юнайтед» 5 ұпаймен 12-сатыға жайғасты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.