Жақын матчтар
«Лидс Юнайтед» АПЛ-дің 4-туры аясында «Ньюкасл Юнайтедті» ойсырата жеңді
Англия Премьер-лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы 4-тур аясындағы «Лидс Юнайтед» пен «Ньюкасл Юнайтед» арасындағы матч аяқталды. Алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің 32-минутында «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Льюис Майли допты өз қақпасына бағыттап алды. Екі минуттан кейін Джейден Богл «Лидстің» басымдығын еселей түсті. Алғашқы таймның қосымша уақытында, яғни 45+1-минутта, шабуылшы Доминик Калверт-Льюин есепті 3:0-ге жеткізді. 59-минутта Ноа Окафор «Лидстің» төртінші голын соқты. Матчтың 90-минутында «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Базумана Туре бір голдың қарымтасын қайтарды.
Англия чемпионатындағы төрт ойыннан кейін «Лидс Юнайтед» 8 ұпай жинап, АПЛ турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Ньюкасл Юнайтед» 5 ұпаймен 12-сатыға жайғасты.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ