Алдағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында төрт кездесу өткізеді. Оның екеуі сырт алаңда, тағы екеуі өз алаңында өтеді.
Матчтар кестесі:
Қазақстан құрамасына шақырылған 28 футболшы:
Қақпашылар
Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан).
Қорғаушылар
Әлібек Қасым ("Астана"), Әрсен Әшірбек ("Елімай"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Александр Широбоков ("Қайрат"), Александр Мрынский ("Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Ян Вороговский ("Астана"), Наурызбек Жағоров ("Тобыл").
Жартылай қорғаушылар
Рамазан Оразов ("Елімай"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Бауыржан Исламхан ("Астана"), Дінмұхамед Қараман ("Астана"), Жасұлан Әмір ("Ордабасы"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Дамир Қасаболат ("Қайрат"), Исмаил Бекболат ("Қайрат").
Шабуылшылар
Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Азамат Тұяқбаев ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек ("Ахмат", Ресей), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Рамазан Каримов ("Астана"), Станислав Басманов ("Астана"), Эльхан Астанов ("Ордабасы").
Соңғы тізімге шетел чемпионаттарында өнер көрсететін бірнеше футболшы шақырылды.
Нұралы Әліп Ресейдің "Зенитінде", Ислам Чесноков "Крылья Советов" сапында ойнайды. Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов "Ахматтың" намысын қорғайды. Қақпашы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" клубында өнер көрсетеді.
Ал Қазақстан чемпионатынан "Қайрат", "Астана", "Ордабасы", "Ақтөбе", "Елімай", "Тобыл" және "Жеңіс" клубтарының футболшылары шақырту алды. Жарақатына байланысты "Бернли" шабуылшысы Дастан Сәтпаев ұлттық құрамадан тыс қалды.
Ұлттар лигасындағы қыркүйек пен қазан айларындағы матчтар Қазақстан құрамасы үшін турнирлік тұрғыдан маңызды болмақ.
Джон ван ’т Схип бастаған ұлттық команда алдымен Фарер аралдары мен Словакияға қонаққа барады. Одан кейін Қазақстан өз алаңында Молдова және Фарер аралдарымен кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.