«Магдебург» U-17 командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы чемпионаттың бесінші турындағы «Кемницерге» қарсы матчта алаңда 76 минут өткізді. Бір гол соққан қазақстандық футболшы командасына 4:1 есебімен ірі жеңіске жетуге көмектесті.
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын алматылық «Джейранның» түлегі «РБ Лейпцигпен» (3:2) болған текетіресте нәтижелі пас беріп, көзге түскен болатын. Осылайша, «Магдебург» 17 жасқа дейінгілер санатындағы B тобында көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, Абдулла Бапишев Екінші Бундеслига клубының академиясына өткен қыста қосылған еді. Бұған дейін ол жергілікті «Айхсфельд» және «Гёттинген» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының намысын қорғайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.