– Мирослав Юрьевич, команда керемет көңіл-күй көрсетті. Ойын жоспарының орындалуын қалай бағалайсыз?
– Ойынға алғашқы секундтардан дұрыс қосылу өте маңызды болды, уақыт жоғалтуға болмайтынын түсіндік. Бізге өте білікті қарсылас қарсы тұрды, сондықтан жігіттерді тез іске кірісіп, оларға бір секунд та бермеуге бейімдедік. Ойын жоспарын барынша орындадық. Жігіттерге орасан зор еңбегі, ұйымдастырушылығы, құмарлығы мен табандылығы үшін ризамын. Бұл – тек есеп бойынша емес, ойын сапасы жағынан да әбден лайықты әрі заңды жеңіс. Алаңда жасап жатқан әрекеттеріміздің көбі маған ұнайды, дегенмен жаттығу процесі арқылы жақсартатын тұстар да бар. Біз келесі маусымға команданы дайындап, құрып жатырмыз, әзірге дұрыс бағытпен келе жатырмыз.
– Бұрын командада сырт алаңдағы ойындарда айқын мәселелер болды. Мұны қалай түзете алдыңыз?
– Маусымның басында команда өзі күтпеген жағдайға тап болды. Психологиялық тұрғыда дайын болмадық. Кішкентай команда синдромы болды: өз алаңымызда жақсы ойнаймыз, ал сыртта – қалай шықса солай. Бізге міндетті түрде болуы тиіс белгілі бір қасиеттер жетіспеді: мақсаткерлік, агрессия, қалай болғанда да гол соғуға деген ұмтылыс. Үнемі күшею маңызды болды, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз және бүгінгі жеңіс – соның дәлелі. Жанкүйерлерімізбен және жақындарымызбен бірге қуануға 24 сағатымыз бар, содан кейін келесі ойынға дайындықты бастаймыз.
– Устименконың өтінімде болмауы немен байланысты?
– Қазір бізде де, басқа командаларда да вирус жүріп жатқанын білесіздер. Өткен сырттағы ойында өзімнің де қызуым көтерілді. Ол бұл матчқа дайындалды, бірақ бүгін таңертең вирус қайта пайда болды. Сондықтан ол өтінімде жоқ. Оның тезірек сауығып кетуін тілейміз.
– Урош Милованович бүгін дубль авторы атанды. Оның өсімін қалай бағалайсыз?
– Ойыншылармен қандай орасан зор жеке жұмыс жүргізіп жатқанымызға сенбейсіз. Жекелеген тұлғалар туралы бөлек айтқым келмейді, бапкер үшін жалпы команда туралы айту маңыздырақ. Урош – тізбектің маңызды бөлшегі. Ол өз істеуі керек нәрсені істеп жүр, дегенмен әлі де ұмтылатын тұстар бар. Егер ол өз мүмкіндіктерінің 70 пайызын жүзеге асырғанда, лиганың ең үздік шабуылшысы болар еді. Оның және басқа да жігіттердің құлақ асатыны қуантады. Олар бізді тыңдап қана қоймай, ести де біледі.
Еске сала кетейік, «Тобыл» Алматыда «Қайратты» 4:1 есебімен тас-талқан етті. Қостанайлықтар сапында Урош Милованович дубль жасаса, Виталий Лисакович пен Луис Герра бір-бір голдан соқты. Бұл жеңіс «Тобылға» 34 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орынға табан тіреуге мүмкіндік берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.