"Барселона" ЧЛ жауапты ойын алдында ойыншысынан айырылды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
13.04.26, 06:26
Каталониялық «Барселона» жартылай қорғаушы Марк Бернальдің Мадридтің «Атлетикосына» қарсы Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчына қатысатынына сенімді бола алмай отыр.
"Барселона" ЧЛ жауапты ойын алдында ойыншысынан айырылды
Сурет: ашық дереккөздерден

Topskills Sports UK мәліметінше, Бернальдің алдағы ойынға қатысуы үлкен сұрақ астында. Жас ойыншы алаңға шығу үшін тобығына екпе алуы мүмкін, әйтпесе матчты өткізіп алады. Хабарланғандай, «блауграна» бас бапкері Ханси Флик жағдайды асықтыруды қаламайды, соңғы шешім дүйсенбі күні қабылданады.

Еске салайық, «Атлетико» — «Барселона» қарымта ойыны Қазақстан уақытымен 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні Мадридте өтеді. Алғашқы матчта «матрасшылар» күтпеген жерден сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
11
2
Елімай
11
3
Оқжетпес
11
4
Ордабасы
9
5
Қызылжар
8
6
Астана
8
7
Ұлытау
8
8
Атырау
7
9
Ақтөбе
7
10
Ертіс
6
11
Жетісу
5
12
Қайсар
3
13
Жеңіс
3
14
Алтай
2
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1