Topskills Sports UK мәліметінше, Бернальдің алдағы ойынға қатысуы үлкен сұрақ астында. Жас ойыншы алаңға шығу үшін тобығына екпе алуы мүмкін, әйтпесе матчты өткізіп алады. Хабарланғандай, «блауграна» бас бапкері Ханси Флик жағдайды асықтыруды қаламайды, соңғы шешім дүйсенбі күні қабылданады.
Еске салайық, «Атлетико» — «Барселона» қарымта ойыны Қазақстан уақытымен 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні Мадридте өтеді. Алғашқы матчта «матрасшылар» күтпеген жерден сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.