Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Румыния футболында қара қағаз пайда болды

Енді жасөспірімдер матчтарында ата-аналар мен жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін қара қағаз қолданылады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Румыния футболында қара қағаз пайда болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Румыния футбол федерациясы (FRF) балалар футболында жаңа тәртіп енгізді.

Федерация бұл бастаманың негізгі мақсаты балаларға қысым көрсетуді, мазақтауды және трибунадан болатын агрессияны азайту екенін мәлімдеді.

Қара қағаз кімге көрсетіледі?

Жаңа ереже ойыншыларға емес, трибунадағы көрермендерге арналған.

  • Егер ата-ана немесе жанкүйер:
  • балаға қысым көрсетсе;
  • қорлайтын сөз айтса;
  • төрешіге немесе қарсыласқа агрессивті әрекет етсе;
  • матч атмосферасын бұзса, оған қара қағаз қолданылуы мүмкін.

FRF бұл жүйені U7-ден U16-ға дейінгі жасөспірімдер жарыстарында пайдалануды жоспарлап отыр.

"Футбол балалар үшін қуаныш болып қалуы керек"

Румыния футбол федерациясы жаңа бастамаға қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

"Футбол балалар үшін ойын, қуаныш және дұрыс дамудың ортасы болып қалуы керек", – делінген федерация хабарламасында.

FRF сондай-ақ өзін трибунадағы көрермендердің тәртібін бақылау үшін арнайы ереже енгізген әлемдегі алғашқы футбол федерациясы атанып отыр.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.