Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клубта португалиялық жартылай қорғаушының осы жазда «Олд Траффордта» қалатынына «оптимизм сақталуда». Соңғы бір жыл ішінде оған Сауд Арабиясының Про-Лигасы клубтары белсенді қызығушылық танытып келеді.
Ойыншының шешіміне келесі маусымда «Манчестер Юнайтедтің» Чемпиондар Лигасына қатысу мүмкіндігі маңызды әсер етуі мүмкін. Фернандештің болашағына қатысты келіссөздер маусым аяқталғаннан кейін өтеді деп жоспарланған. Айта кетейік, оның қазіргі келісімшарты келесі жылы аяқталады.
Бұған дейін манкуниандықтардың капитаны мансабын аяқтағанға дейін басқа лигаларда өзін сынап көргісі келетінін меңзеген болатын. Алайда соңғы уақытта ол Манчестерде өзін «үйдегідей сезінетінін» айтып жүр.