Кездесу қонақтардың камбэк жасап, 4:3 есебімен жеңіске жетуімен аяқталды. Ойын барысында «Интер» 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Миландық клуб сапында Маркус Тюрам (45+1, 49-минуттар) мен Дензел Дамфрис (58, 72) дубль авторы атанды. Ал «Комо» құрамында Алекс Валье (36), Нико Пас (45) және Лукас Да Кунья (89, пенальти) гол соқты. Матчтың бейнешолуы төменде ұсынылған.
Осылайша, «Интер» 75 ұпай жинап, Италия чемпионатындағы көшбасшылығын нығайтты. Ал «Комо» 58 ұпаймен тур қорытындысы бойынша үздік төрттіктен шығып қалды.