Әли Әлиев: айтарға сөзім жоқ

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.04.26, 04:51
«Жеңіс» командасының бас бапкері Али Алиев Қазақстан Премьер-Лигасының бесінші турындағы «Қызылжардан» (0:4) ірі жеңіліске қатысты пікір білдірді.
Әли Әлиев: айтарға сөзім жоқ
Сурет: ашық дереккөздерден

— Айтар сөз жоқ. Екінші таймда қарсы шабуылдан гол жіберіп алдық. Негізі, бірінші таймда жігіттер төтеп берді... Тек стандартты жағдайларда дұрыс ойнай алмадық. Екінші таймда өтпелі кезеңде «Жеңіс» есепті теңестіруге ұмтылды, ал «Қызылжар» бос кеңістіктерге ие болды және соны тиімді пайдаланды. Өкінішке қарай, біз бір ойыншыны ұстай алмадық — ол жігіттің белгілі бір сапасы, шеберлігі бар, сол іс жүзінде матч тағдырын шешті. Сондықтан «Қызылжар» командасын жеңісімен құттықтаймын. Біз қорытынды шығарамыз, ал «Ақтөбемен» болатын ойын — жанкүйерлер алдында өзімізді ақтау үшін біздің финалымыз. Мұндай соққы қажет, КПЛ-2026 — бұл мүлде басқа талаптар, басқа деңгейдегі ойыншылар келді, сондықтан бірінші минуттан соңғы минутқа дейін дайындалып, тапсырманы орындау керек, — деді Алиев матчтан кейін.

Еске сала кетейік, «Қызылжар» — «Жеңіс» матчында Йоханнес Бьорталид дубль авторы атанды (60 және 80-минуттар). Сондай-ақ бір-бір голдан Анатолий Козленко (35) мен Аслан Әділ (74) соқты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
11
2
Елімай
11
3
Оқжетпес
11
4
Ордабасы
9
5
Қызылжар
8
6
Астана
8
7
Ұлытау
8
8
Атырау
7
9
Ақтөбе
7
10
Ертіс
6
11
Жетісу
5
12
Қайсар
3
13
Жеңіс
3
14
Алтай
2
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1