Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Астананың» бұрынғы басшысы «Ордабасы» клубында жаңа қызметке келді

«Астана» футбол клубының бұрынғы президенті әрі бас директоры Қайсар Бекенов қазақстандық футболдағы қызметін жалғастырады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Астананың» бұрынғы басшысы «Ордабасы» клубында жаңа қызметке келді
Сурет: ашық дереккөздерден

Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, ол «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Шымкенттік клубты тамыз айынан бері Жасұлан Барманқұлов басқарып келеді. Енді оның басқару командасына елордалық клубтың ішкі жұмысын жақсы білетін тәжірибелі функционер қосылды.

Бекенов «Астана» құрылымында жалпы есеппен жеті жылға жуық еңбек етті. Ол 2013–2019 және 2024–2026 жылдар аралығында қаржы директоры, атқарушы директор, бас директор және клуб президенті қызметтерін атқарған.

Қайсар Бекенов 2026 жылғы 12 маусымда «Астанадан» кетті. Бір аптадан кейін елордалық клубтың басшылығына Алтай Дәумов тағайындалды.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте «Ордабасы» өз алаңында «Астананы» қабылдайды. Бұл кездесу чемпиондық бәсекедегі маңызды матчтардың бірі болмақ. Қазір шымкенттік команда 55 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 54 ұпаймен екінші, ал 45 ұпайы бар «Астана» үшінші орында келеді.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.