Ақтаулық «Каспийдің» бразилиялық бұрынғы шабуылшысы Густаво Франса ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық клубтың жалақы төлемеуіне байланысты Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) шағым түсіргенін мәлімдеді.
Футболшы Ақтаудағы қысқа мерзімді мансабында тап болған қаржылық мәселелер туралы ашық айтты:
«Маған ақша төлемеді, мен ФИФА-ға шағымдандым, енді «Каспийдің» менімен есептескенін күтіп отырмын. Клубқа келген сәттен бастап менде жалақының төленбеуіне қатысты мәселелер болды. Олар келісімшарт шарттарын орындамады», – деді бразилиялық ойыншы.
Еске сала кетейік, Густаво Франса биылғы жылдың 21 наурызында ақтаулық командамен ресми түрде келісімшартқа отырған, алайда 1 шілдеде клубтан кетіп қалды. Осы қысқа уақыт ішінде шабуылшы «Каспий» сапында бар-жоғы алты матч өткізіп үлгерді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.