"Варди Сәтпаевқа бәсекелес емес" — BBC журналисі

Автор
Fonteam редактор
Автор
07.09.26, 13:30
BBC Radio Lancashire журналисі Росс Хитон тәжірибелі шабуылшы Джейми Вардидың "Бернлиге" ауысуы Дастан Сәтпаевтың командадағы орнына қалай әсер ететінін айтты.
"Варди Сәтпаевқа бәсекелес емес" — BBC журналисі
Коллаж

Бірін-бірі алаңда толықтыра алады

Росс Хитон 39 жастағы ағылшындық шабуылшының келуі "Бернлидың" шабуыл шебін күшейтетінін атап өтті. Әсіресе Зиан Флемминг командадан кеткеннен кейін клубқа тәжірибелі форвард қажет болған.

"Варди – классикалық орталық шабуылшы. Сондықтан Сәтпаевқа позициялық тұрғыда тікелей бәсекелес болмайды. Керісінше, Джейми қапталдағы футболшылар жасаған мүмкіндіктерді нәтижелі аяқтай алатын ойыншы", – деді журналист.

Осылайша маман Дастан Сәтпаев пен Джейми Варди бір уақытта алаңға шығып, шабуылда тиімді байланыс құра алады деп есептейді.

Вардидің тәжірибесі Сәтпаевтың дамуына көмектеседі

BBC журналисінің сөзінше, Англия Премьер-лигасының бұрынғы чемпионы жас қазақстандық футболшыға мол тәжірибесін бөлісе алады.

"Вардидың әуесқойлар лигасынан Англия чемпионы деңгейіне дейін көтерілген жолы көпшілікке жақсы таныс. Оның мансабы үлкен футболда табысқа жету үшін өзіңе сену мен мақсатқа ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Сәтпаевтың қабілеті команда қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанына қарамастан, осы маусымда-ақ байқалды. Варди Дастанның бірге ойнауға және сенім артуға болатын талантты футболшы екенін тез түсінеді деп ойлаймын", – деді Росс Хитон.

"Бернлимен" келісімшарт жайлы

"Бернли" жуырда Джейми Вардидың командаға қосылғанын ресми түрде жариялады. Келісімшарт 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жасалды.

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол өткен маусымды Италияның "Кремонезе" командасында өткізген. Варди 2015/16 жылғы маусымда "Лестер Ситимен" бірге Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған.

Сәтпаев жарақат алған болатын

Қазір 18 жастағы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып жатыр. Қазақстандық шабуылшы "Мидлсброға" қарсы кездесуде (1:1) артқы сан бұлшықетін зақымдап алған еді.

Сол матчта Сәтпаев үздік ойыншы (MVP) атанғанымен жарақатына байланысты бірнеше аптаға қатардан шықты. Ол "Бристоль Ситиге" (1:2). қарсы жеңілген ойынға қатыса алмады.

Чемпионшиптің бес турынан кейін "Бернли" небәрі екі ұпай жинап, турнир кестесінің 24-орнына тұрақтады.

Никки Хайен жаттықтыратын команда келесі кездесуін 8 қыркүйек күні өткізеді. "Бернлидың" қарсыласы – "Рексем".

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

07.09.26, 13:30

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
54
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20