Өскемендік «Алтай» мен жезқазғандық «Ұлытау» Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында кездесті.
Матч Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтті, кездесуге Ақтөбеден келген Саят Суликанов бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
Алаң иелері басымдық танытып, Драган Стойсавлевичтің соққысынан кейін есеп ашты. Алайда үзіліске дейін Сағи Малиқайдар таразы басын теңестірді. Екінші таймда тартысты ойын өрбіді, негізгі уақыттың аяқталуына 15 минут қалғанда өскемендіктер Елисей Горшуновтың алаңнан қуылуынан кейін бір ойыншыға кем қалды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Давид Анане Мартин жезқазғандықтарға жеңіс сыйлады — 2:1.
Осылайша, «Ұлытаудың» еншісінде 8 ұпай болып, олар турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде орналасса, «Алтай» 2 ұпаймен төменгі сатыда тұр.
«Алтай» — «Ұлытау» 1:2 (1:1)
Голдар: Стойсавлевич 17 (1:0), Малиқайдар 38 (1:1), Анане Мартин 88 (1:2)
Қызыл қағаз: Горшунов 75.