Көкшетаулық «Оқжетпес» пен павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында кездесті.
Матч «Оқжетпес» стадионында өтті, кездесуге Орал қаласынан келген Денис Тевяшов бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
Алаң иелері басымдыққа ие болғанымен, бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Екінші таймда көкшетаулықтар шабуылды жалғастырып, пенальтиден гол соқты — Дмитрий Бородин көзге түсті. Алайда көп ұзамай қарсылас қорғанысының қателігін пайдаланған Мирас Тұрлыбек есепті теңестірді. Бұдан кейін тағы бір он бір метрлік соққыны Нұрғайни Бурибаев сәтті орындап, есепті 2:1-ге жеткізді.
Осылайша, «Оқжетпестің» еншісінде 11 ұпай болып, олар алматылық «Қайрат» пен семейлік «Елімаймен» бірге турнирлік кестенің көшін бастап тұр. Ал «Ертіс» 6 ұпаймен кестенің ортасында орналасқан.
«Оқжетпес» — «Ертіс» 2:1 (0:0)
Голдар: Бородин (пенальти) 72 (1:0), Тұрлыбек 80 (1:1), Бурибаев (пенальти) 88 (2:1)
Қызыл қағаз: Нургалиев 90+10.