«Реал» жұлдызы халықаралық мансабын ресми түрде аяқтайды

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.09.26, 12:04
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер Германия құрамасындағы мансабын 86 матчтан кейін аяқтап, жанкүйерлерге Еуро-2024 кезіндегі атмосфера үшін алғысын білдірді.
«Реал» жұлдызы халықаралық мансабын ресми түрде аяқтайды
Антонио Рюдигер

33 жастағы орталық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында эмоционалды мәлімдеме жасап, біраз уақыт ойланғаннан кейін жас буынға жол ашу үшін халықаралық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын растады.

Рюдигер Германия құрамасындағы дебютін 2014 жылы өткізіп, ұлттық құрама сапындағы мансабын 86 матч пен үш гол көрсеткішімен аяқтап отыр.

Бұл шешім Германия әлем чемпионатында Парагвайдан ауыр жеңіліске ұшырағаннан кейін басталған оқиғаға нүкте қойды. Сол сәттегі көңіл күймен Рюдигер киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына ұлттық құрамамен қоштасқанын айтқан деген ақпарат тараған еді. Алайда Юрген Клопптың бас бапкер қызметіне келуі оны тоқтап, шешімін қайта қарауға итермелеген.

Айта кетейік, Рюдигер енді жаңа кезең басталатынын және барлық назарын клубына аударатынын атап өтті. Қорғаушы маусым айында «Реалмен» келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан болатын. Ол Жозе Моуринью жаттықтыратын команданың негізгі ойыншыларының бірі болып қала бермек. Мадридтік клуб Ла Лигадағы алғашқы үш матчының барлығында жеңіске жетті, соның ішінде жексенбі күні «Малаганы» 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.09.26, 12:04

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
48
3
Астана
42
4
Оқжетпес
39
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
31
8
Жеңіс
29
9
Тобыл
28
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17