Алматылық «Қайрат» капитаны Александр Мартынович мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппеге қарсы ойнау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Championat.com.
«Мбаппе — еліктей: орнынан лезде қозғалып, екі қадаммен-ақ ұзап кетеді. Өте жақсы ашылады. Әрине, оның да әлсіз тұстары бар шығар — мысалы, доп тартып алуда көп қатыспайды. Екі-үш ойыншы қара жұмысқа араласпаса, „Реалда“ кейде қиындықтар туындайды. Қазіргі футболда бәрі де қорғанысқа көмектесуі керек. Бірақ Мбаппе ештеңеден-ақ қауіпті сәт жасай алады», — деді Мартынович.
Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионы Чемпиондар лигасының 2025/2026 маусымының жалпы кезеңінде «корольдік клубпен» кездесіп, 0:5 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған болатын.