«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, «Ордабасы» келер маусымға қазірден дайындықты бастап отыр. Қазірдің өзінде клуб үшін маңызды ойыншылардың бірі Ги Марселин Киламамен келісімшарт ұзартылды. Алдағы маусымда команда үш фронтта өнер көрсететіндіктен, құрамды күшейту маңызды.
Жоспар бойынша жаңа маусымға 6–7 футболшы немесе одан да аз ойыншы қатарға қосылуы мүмкін. Дегенмен маусым әлі аяқталған жоқ, сондықтан нақты шешімдер кейін қабылданады.
Легионерлер лимитіне қатысты пікіріміз де анық. Лимитті қысқарту дұрыс емес деп есептейміз. Себебі легионерлер санының азаюы ішкі бәсекелестікке тікелей әсер етеді.
Ал келер маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынының нақты орны әзірге анықталған жоқ. Бұл мәселе бойынша әлі ақылдасып, шешім қабылдаған жоқпыз. Дегенмен жоспарымызда Түркия немесе Сауд Арабиясында оқу-жаттығу жиынын өткізу бар. Басты мақсат – жолдастық кездесулерде мықты қарсыластармен ойнау. Сондықтан күшті командалар шоғырланған елге барып, солармен ойын өткізу тиімді деп санаймыз.
Маусым аяқталсын. Одан кейін құрам, трансфер және дайындық жұмыстары бойынша нақты шешімдер қабылданады», – деді Барманқұлов AmanVIBE арнасына берген сұхбатында.
24 турдан кейін «Ордабасы» 23 матчта 55 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының жарыс кестесінде сенімді түрде көш бастап тұр. Шымкенттік клуб екінші орында келе жатқан алматылық «Қайраттан» төрт ұпайға алда келеді (алматылықтардың қоржынында бір ойын бар). Сонымен қатар шымкенттіктер Қазақстан Кубогының финалына шығып, шешуші кездесуде «Қайсарға» қарсы ойнайды
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.