Матчтың алғашқы минуттарынан "Жеңіс" жоғары қарқынмен ойнап, қарсылас алаңында қысым ұйымдастырды. Дегенмен бірінші таймда "Алтай" қақпашысы Данило Кучер бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, есептің ашылуына мүмкіндік бермеді.
Үзілістен кейін алаң иелері шабуылын жалғастырды. Кездесудің тағдырын Андрия Филипович шешті. Ол айып алаңының ішінен дәл соққы жасап, елордалықтарға маңызды үш ұпай сыйлады.
Осы жеңістен кейін "Жеңіс" 29 ұпай жинады. Астаналық клубы ҚПЛ турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.
19 ұпайы бар "Алтай" чемпионат аутсайдерлерінің қатарында қалып отыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.